Ағылшын тілді елдер

9 сәуір 2021 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, филология факультеті, шетел тілдері кафедрасы: доцент, ф.ғ.к. У.Б. Адилбаева, аға оқытушы Гайипова Г.А. ҚазҰУ «Ақпараттық технологиялар» факультетінің бірінші курс студенттері және «Манас» қырғыз-түрік университетінің студенттерімен бірге «English talking club» үйірмесі аясында 8ші кездесуді ұйымдастырды. Кездесуге 63 студент қатысты олардың ішінен 18 студент Манас университетінің студенттері.

Бұл кездесу «English speaking countries» тақырыбы бойынша өткізілді. Бүгінгі клубымыздың мақсаты ағылшынша-сөйлейтін елдердің мәдениетіне студенттердің қызығушылығын қалыптастыру, "Ағылшын тілді елдер" тақырыбы бойынша оқушылардың елтану саласындағы білімдерін кеңейту. Екі университеттің студенттері ағылшын тілінде сөйлетін елдерінің мәдениеті мен салт дәстүрі туралы ZOOM платформасы арқылы онлайн ой бөлісіп презентациялар көрсетілді.   Клуб жетекшілері студенттердің тақырып бойынша қолданатын лексика және грамматикалық тақырыптары бойынша қолдау көрсетіп, бақылап отырды.

Дискуссия өте қызықты және мазмұнды өтті, әр студент осы кездесуден өзі үшін пайдалы нәрсе ала алды. Клуб қатысушылары клубтың бүгінгі отырысының тақырыбы өте қызықты болғанын айтып Бішкектік достарымен жақсы көңіл-күймен қоштасқанын атап өткіміз келеді.


Басылым күні :  13.05.2021