Стереотипы

“English talking club” жоспары бойынша кезектегі отырысы 2021 жылдың 30-қаңтарында   өткізілді. Бұл отырысқа клуб жетекшілері, шет тілдер кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Адилбаева У. Б және кафедраның аға оқытушысы Гайипова Г. А, инстаграмга тіркелген КазНУ студенттері мен Бишкек қаласындағы Кырғыз-Түрік “Манас” университетинің студенттері қатысты.

           Тақырыбы «Stereotypes», қатысқандар саны 64. Студенттер қырғыз-қазақ елдерінің мәдениеті мен салт дәстүріндегі ұқсастықтармен, айырмашылықтар туралы ZOOM платформасы арқылы онлайн ой бөлісті.   Клуб жетекшілері студенттердің тақырып бойынша қолданатын лексика және грамматикалық тақырыптары бойынша қолдау көрсетіп, бақылап отырды.

         Клуб қатысушылары бүгінгі клубтың тақырыбы олар үшін өте қызықты болғанын айтып, клубтың жүрісінде жоғары белсенділік көрсетіп, жақсы көңіл-күймен қоштасты. Клубының жетекшілері бүгінгі талқыға қатысқан студенттердің белсенді жұмыстары үшін, өз білімдерін жоғары деңгейде көрсеткендері үшін алғыстарын білдірді. Бүгінгі күнде тіркелгендер саны 86.

 

Басылым күні :  13.05.2021