«Ана-өмір шуағы» атты мәдени шара өткізілді.

2014 жылы 6 наурызында халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының доценті Б.З.Бюжеева мен доцент А.Р.Әліпбаевтың ұйымдастыруымен «Ана-өмір шуағы» атты мәдени шара өткізілді.

Мәдени шараға кафедра оқытушылары профессор К.К.Кожахметов, доцент Б.М.Балаубаева және кафедраның аға эдвайзері Ж.Оспанбаев қатысты. Мәдени шара барысында ана туралы өлеңдер оқылды, әндер шырқалды және аналар жөнінде бейне фильмдер көрсетілді. Шараға қатысқан кафедра оқытушылары қатысушы студенттер мен ұйымдастырушы оқытушыларға өз алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерін айтты.

 
   

Басылым күні :  26.02.2015