«Балаларға үміт сыйла» атты студенттердің кездесуі әлеуметтік-тәрбиелік іс-шарасы ұйымдастырылды

«Балаларға үміт сыйла»

2013 жылдың 22 қарашасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетіхалықаралық құқық кафедрасының оқытушылары Умбетбаева Ж.Б. және Бегжан А.М жетекшілігімен Бүкіләлемдік балалар күніне арналғанАлматы облыстық №1 балалар үйінің жетім балаларымен «Балаларға үміт сыйла» атты студенттердің кездесуі әлеуметтік-тәрбиелік іс-шарасы ұйымдастырылды.   Шараның мақсаты студенттерді жетім балаларға құрметпен және қамқорлықпен қарауға шақыру, оларға қайырымдылық шарасын өткізуде үлкен көмек көрсеткен студенттер менкафедра оқытушыларымен жиналған көптеген сыйлықтар, мереке сыйлау болып табылады. Кездесу барысында күлдіргіштердің қатысуымен әр түрлі ойындар ойнатылып, кәсіпқой әртістер жәрдемімен балаларға көркем аквагримдер қолданылды. «Алматы облыстық №1 балалар үйінің» жетекшілігі қайырымдылық шарасын өткізгені үшін халықаралық құқық кафедрасына үлкен алғысын білдірді.

 

Басылым күні :  26.02.2015