Іргелі математика кафедрасының қонағы Синьцзян университетінің профессоры Турдыбек Бекжан

Іргелі математика кафедрасының қонағы Синьцзян университетінің профессоры Турдыбек Бекжан мен кафедра меңгерушісінің ғылым жөніндегі орынбасары профессор Бақытбек Қошанов 5 ақпан күні допты хоккейден (бендиден) өткен Әлем чемпионатының үшінші орын үшін өткізілген Қазақстан мен Финляндия арасындағы ойынды тамашалады. Бұл ойында 10:5 есебімен Қазақстан құрамасы жеңіске жетті. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатының үшінші рет қола жүлдесін иеленді.

Басылым күні :  23.02.2015