Биология және биотехнология факультетінің 8 студенті Erasmus+ 2014-2020 бағдарламасы, Action KA107 (Халықаралық несиелік ұтқырлық) 2019-1-IT02-KA107-061483 жобасының жеңімпаздары

Erasmus+ 2014-2020 бағдарламасы, Action KA107 (Халықаралық несиелік ұтқырлық), 2019-1-IT02-KA107-061483 жобасы аясында биотехнология кафедрасының стутенттері мен басқада елдердің студенттері онлайн форматтағы халықаралық деңгейдегі байқауға қатысты.

Сұхбат барысында биотехнология кафедрасынан 8 студент: 3 курс студенттері Жаксылыккызы Динара, Бексултан Алтынай, Сайлыгара Айсулу, Сулейменова Динара және 1 курс магистранттары: Оңдасынова Дамира, Төлеген Нұрханым, Жақсылық Мөлдир и Рымғали Айдана байқауды өте жоғары деңгейде өткізді. Олар 2021 жылдың көктемгі семестрінде Италияның Лечче қаласында оқитын 4220-5920 еуро грантын жеңіп алды.

Студенттер осы жарыстың ұйымдастырушылары мен координаторлары А.С. Баубекова мен А.С Кистаубаеваға өз ризашылықтарын білдіреді.

Қыздарға сәттілік пен жаңа жетістіктер тілейміз!

Нармуратова М.К. Доқтырбай Г.


Басылым күні :  16.12.2020