Жастар ұйымдары комитетінің қолдауымен ҚазҰУде дәстүрлі жыл сайынғы «Ұйымдар жәрмеңкесі» болып өтті

11-12 қыркүйек күндері online форматта Жастар ұйымдары комитетінің қолдауымен дәстүрлі жыл сайынғы «ұйымдар жәрмеңкесі» болып өтті. Жәрмеңкеде университетіміздің барлық 15 факультетінің бірінші курс студенттері толық қамтылды.

Оларға университетіміздің "Сұңқар" студенттер мен магистранттар кәсіподағы, "Көмек" Қоғамдық Қоры, "Жас Отан" жастар қанаты, "Студенттер Сенаты", "Студенттердің ғылыми қоғамы", "Құқықтық тәртіп сақтау жасағы", "Болон үдерісі бойынша студенттік бюро", "Саналы ұрпақ", "Жоғары Студенттер кеңесі", "Enactus" , "Алтын сапа", " Атамекен" сынды жастар ұйымдары мен клубтары таныстырылып, жыл сайынғы өтетін үлкен іс-шаралар "Ана тілі аруы - Жігіт сұлтаны", "Жалын", "Мисс КазНУ", "SSP", "Ең үздік студенттік топ", минифутбол "Сұңқар кубогы", т.б сияқты жобалардан керемет бейне роликтер көрсетілді.

Бұл шараға әр факультеттің ұйым басшылары, студенттік декандары, белсенді -жоғары курс студенттері атсалысып, жоғары дәрежеде атап өтті.

 

https://www.instagram.com/p/CFJKdT8lIhN/?utm_source=ig_web_copy_link 

Басылым күні :  09.11.2020