«Green Campus» бағдарламасы аясында «Клеткалық сұрыптау әдістері негізінде сыртқы орта факторларға төзімді клеткалық линияларды алу технологиялары» тақырыбында өткізілген ғылыми конференция

9 желтоқсан 2019 жылы Биология және биотехнология факультеті, Биотехнология кафедрасының оқытушылары мен «5В070100 - Биотехнология» мамандығының 4 курс студенттері «Green Campus» бағдарламасы аясында «Клеткалық сұрыптау әдістері негізінде сыртқы орта факторларға төзімді клеткалық линияларды алу технологиялары» тақырыбында ғылыми конференция ұйымастырды.

Конференцияның мақсаты: студенттердің клеткалық биотехнология саласы бағытында ғылыми - зерттеу жұмыстармен айналысуға қызықтыру, олардың оқу - танымдық, шығармашылық қабілеттерін ашу көзделген.

Конференция барысында студенттер клеткалық биотехнологиясы саласы бойынша меңгерген теориялық және практикалық білімдерін көрсете білді, сондай-ақ, өсімдіктердің клеткалары мен ұлпа культураларын in vitro жағдайында өсіру және клеткалық сұрыптау әдістерінің негізінде жаңа қасиетке ие клеткалар мен ұлпа культураларын алуды көздейтін ғылыми-зерттеу жұмыстарын жобалау және орындау, алынған нәтижелерді талдау, оларды сыни тұрғыдан бағалау, көпшілік алдында қорғау қабілеттерін көрсететін құзіреттіліктері айқындалды.

Өткізілетін орын: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, биотехнология кафедрасы, 519 ауд., өткізілген уақыт: 12:00 сағ.

Конференцияның қорытынды бөлімінде әділқазылардың шешімімен үздік шыққан топтар мен белсенді студенттер тиісті дипломдармен және грамоталармен марапатталды.

 

Дипдомдар мен грамоталармен марапатталған студенттер тізімі

 

Студенттердің аты-жөні

топ

Топтың аты

Марапатталу түрі

1

Ибатова А., Бағланқызы А., Илбаева Г., Жақсылық А., Нұрғали А.

МБТ 16-07

Жас биотехнолог

I- ші дәрежелі диплом

2

Қалиділда А., Кахарманова А.; Мусабек Е., Мәулетқан А.

МБТ 16-08

Сұңқар

II- ші дәрежелі диплом

3

Нышанов Н.,. Қашапова Ж., Мағауия Н., Нұрғали З.

МБТ 16-07 БТ 16-08

Селекционерлер

III- ші дәрежелі диплом

4

Қалиділда А., Ақылбекова А., Әбутали А.,

Бауыржан Б., Қыдырбекова А.

МБТ 16-07 БТ 16-08

грамота

Басылым күні :  15.12.2019