«Рухан жаңғыру» және «Жүз кітап» бағдарламасы аясында «Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасы» тақырыбында іс шара

25 қазан 2019 ж. сағат 11.00 Биология және биотехнология факультеті, Биотехнология кафедрасының «5В070100 - Биотехнология» мамандығының студенттері Рухан жаңғыру» және   «Жүз кітап» бағдарламасы аясында «Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасы» тақырыбында мәдени іс - шара ұйымастырды.

       Шараны өткізу мақсаты: студенттердің патриоттық рухын көтеру, еліне - жеріне деген махаббатын арттыру, қазақ халқының ақын -жазушыларымен жақын танысу.

         Іс шара барысында 1-3 курс студенттері: Абай Құнанбайұлының еңбегі мен өмірбаянын еске түсірді. Абай Құнанбайұлының еңбектерін қайталап, қара сөздерімен шығармаларынан үзінді оқыды. Студенттер қызықты баяндамалар жасап, әрі тартымды презентациялар мен бейне роликтерді көпшілік назарына салды, викторина өткізіп, ән шырқады

        Өткізілген орын: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 414 ауд., өткізу уақыты: 11.00 сағ. Ұйымдастырушы оқытушылар: профессор Атабаева С.Д., б.ғ.к., доцент, профессор м.а. Асрандина С.Ш., б.ғ.д., профессор, х.ғ.д. Шоинбековы С.А. , 2-4 курс «5В070100 - Биотехнология» мамандығының студенттері.

Басылым күні :  02.12.2019