«Green Campus» бағдарламасы аясында «Биотехнологиялық әдістер негізінде ауылшаруашылық маңызды өсімдіктерді акклиматизациялау және интродукциялау» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстел

 

2017 жылы желтоқсанның 1  – ші жұлдызында Биология және биотехнология факультеті, Биотехнология кафедрасының оқытушылары мен «5В070100 - Биотехнология» мамандығының 4 курс студенттері «Green Campus» бағдарламасы аясында «Ауылшаруашылық өсімдіктерін қорғаудың заманауи технологияларын қолдану перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымастырды.

Шараны өткізу мақсаты: диалогтық алаңда биотехнологиялық әдістер негізінде ауылшаруашылық маңызды өсімдіктерді фитопатологиялық аурулардан қорғаудың заманауи технологияларын қолдану мүмкіндіктері мен перспективаларын талқылау.

Дөңгелек үстел барысында студенттер өсімдіктерді қорғауда қолданылатын дәстүрлі және заманауи технологияларды қолдану тиімділігі, гендік инженерия технологияларын өсімдіктердің ауруға төзімділігін арттыруда қолдану, ауру қоздырғыштармен күресу шараларын, өсімдіктерді фитопатогендерден қорғауда тиімділігі жоғары биопрепараттарды (вирустар, бактериялар, саңырауқұлақтар мен аллелопаттар негізінде) жасау және қолдану мүмкіндіктері қарастырылды.

Өткізілген орын: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 412 ауд.,  өткізілген уақыт: 13:00 сағ.

Ұйымдастырушы оқытушылар: б.ғ.к., доцент   Асрандина  С.Ш., б.ғ.д., профессор   Атабаева С.Д., х.ғ.д., профессор  Шоинбекова  С.А.

Басылым күні :  19.12.2017