«Салауатты өмір салтын ұстану» бағдарламасы аясында «Туберкулез профилактикасы» тақырыбында өткізген дискуссия

23 қараша 2017 ж.  Биология және биотехнология факультеті, Биотехнология кафедрасының оқытушылары мен «5В070100 - Биотехнология» мамандығының студенттері «Салауатты өмір салтын ұстану» бағдарламасы аясында «Туберкулез профилактикасы» тақырыбында дискуссиялық алаң  ұйымастырды.

Шараны өткізу мақсаты: диалогтық алаңда студенттерге салауатты өмір салтын дәріптеу, студенттерді туберкулезға қарсы жасалатын профилактикасы және оның алдын алу тәсілдерімен  таныстыру.

Диалогтық алаңда студенттер туберкулез аруына шалдығу факторлары және осы індеттің алдын алу және болдырмаудың кешенді профилактикалық шараларын қызу талқыға салды. Дискуссия барысында студенттер тақырыптың өзектілігі мен мәнін ашатын қызықты презентациялар жасады, баяндамаларда туберкулез профилактикасы, осы індеттің таралу көздері мен жолдары, аурудың алғашқы белгілері, індетті диагностикалау әдістері, инфекцияны емдеу принциптері туралы мәселелер жан - жақты талқыланды. Ортаға тасталған мәселені талдау соңында баяндамашылар  тыңдармандардан келесі сұрақтарға (қазіргі күннің туберкулез ауру түрінің қауіптілік дәрежесі қандай? әр бір адам өзінің жеке басының қауіпсіздігі үшін туберкулез туралы не білуі тиіс және одан қалай сақтанған жөн? осы індетті жұқтырудың негізгі белгілері қандай? профилактика шаралары қандай? т.б.) жауаптар алып, тақырыпты пысықтады. Дискуссияны қорытындылай келе, туберкулез -  емделетін ауру түрі, ал осы індетке шалдығып қалмас үшін салауатты өмір салтын ұстану керек деген  тұжырымдар жасады.

 

Өткізілген орын: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, жатақхана - 7,  өткізілетін уақыт: 15:00 сағ.

Ұйымдастырушы оқытушылар:

 

б.ғ.к., доцент Асрандина  С.Ш., х.ғ.д., профессор Шоинбекова  С.А., б.ғ.д., профессор  Атабаева С.Д., Биотехнология кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.к., доцент Кистаубаева А.С.

Басылым күні :  04.12.2017