Green Campus
«Green Campus» жобасы аясында 2015 жылдың 11 сәуірде биология және биотехнология факультетінің биотехнология кафедрасының «Биотехнология» мамандығының 1 курс студенттерінің қатысуымен сенбілік өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: студенттерге қоршаған ортаны қорғау, еңбектін маңыздығын, салауатты өмір салтын дәріптеу.
Ұйымдастырылған іс-шараға студенттер ұйымшылдық көрсете отырып, белсене қатысты. Факультеттің территориясын қоқыстан, түскен жапырақтардан, сынған бұтақтардан тазалады, қоқыстарды арнайы орынға шығарды.
Өткізу орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биология және биотехнология факультетінің территориясы.
Уақыты: 11 сәуір 2015 ж., сағат 9.0-14.00.
Басылым күні : 26.05.2015