«Биомедициналық білім берудің халық денсаулығын жақсартудағы ролі»

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінің биофизика және биомедицина кафедрасы «G-Global» интерактивті алаңынданда «Ай тұлғасы» жобасы бойынша «Биомедициналық білім берудің халық денсаулығын жақсартудағы ролі» тақырыбында онлайн видеоконференция өткізілді. Онлайн видеоконференцияның мақсаты: шетелдік университеттері мен ғылыми орталықтары ғалымдарымен, мамандарымен медико-биологиялық білім беру мәселелерін және организмнің функционалдық мүмкіндіктерін жоғарылату жолдарын талқылау.

Онлайн видеоконференцияның жұмысына Кадис Университетінің  профессоры, PhD доктор Сусана Трасобарес (Испания), Қырғызстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Таулар физиологиясы институтының директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор  Шаназаров Алмаз Согомбаевич (Қырғызстан ), Баку мемлекеттік университетінің профессоры, PhD доктор Тиль Дитрих (Азербайджан),  биология ғылымдарының кадидаты, ЖАҚ «Медициналық технологиялар Лтд.» жетекші қызметкері Писарев Владимир Александрович  (Мәскеу, Ресей) сонымен қатар Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінің биофизика және биомедицина кафедрасының ПОҰ, студенттері, магистранттары, докторанттары (PhD) қатысты. Онлайн видеоконференция барысында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дегі медико-биологиялық білім беру мәселесі; хрономедицина және лабораториялық диагностика мәселелері талқыланды.

 

Басылым күні :  14.05.2015