Кәсіби бағдарлық жұмыстар

Биология және биотехнология факультеті облыс және қала деңгейінде оқушылар арасында кәсіби бағдарлық жұмыстарды белсене атқарып келеді. Осымен байланысты факультеттің оқытушы профессорлар құрамы 28 сәуір күні Еңбекшіқазақ ауданының бес мектебінің бітіруші оқушыларымен Есік қаласындағы Қ.Сәтбаев атындағы мектепте кездесу өткізді. Оқушыларға факультеттегі және университеттегі мамандықтарды дайындау туралы және «Медико-профилактикалық іс» жаңа мамандықтың болашағы туралы айтылды. Барлық кафедра оқытушылары өздерінің дайындаған презентацияларын көрсетіп, мамандық туралы буклеттер таратылды. Кеш соңында оқытушылар аудиторияда қойылған көптеген сұрақтарға жауап берді.

20 сәуірде Биология және биотехнология факультетінің профессор оқытушылар құрамы Алматы облысының Талғар ауданының бітіруші түлектерінің арасында кәсіби бағдарлық жұмыстар жүргізді.

Кәсіби бағдарлық жұмыстарды жүргізуге Биология және биотехнология факультетінің келесі оқытушылар қатысты:

1. Аскарова З.А.

2. Кошкимбаев К.С.

3. Мукашева Т.Ж.

4. Омирбекова А.А.

5. Байзакова Н.О.

6. Куатбаев А.Т.

7. Жаркова И.М.

8. Жунусбаева Ж.К.

9. Жусупова А.И. 

10. Абдиева Г.Ж.

11. Кобегенова С.С.

12. Омирбекова Н.Ж.

 

  

Басылым күні :  30.04.2015