2015 ж. 28 сәуірде сағат 1500 - де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 306 аудиториясында география және табиғатты пайдалану факультетінің география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы ұйымдастыруымен G-Global платформасы негізінде онлайн видеоконференциясы өткізіледі.

2015 ж. 28 сәуірде  сағат 1500 - де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 306 аудиториясында география және табиғатты пайдалану факультетінің география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы ұйымдастыруымен G-Global платформасы негізінде онлайн видеоконференциясы өткізіледі. Онлайн видеоконференцияның тақырыбы «Орнықты даму шеңберіндегі аумақтардың кеңістіктік өзгерісі». Конференцияның негізгі мақсаты Қазақстанның және басқада шет елдер ғалымдарының, оқытушылары мен кәсіби мамандарының қалалардың орнықты даму мәселелері бойынша талқылауы  болып табылады.    

 

Конференция барысында келесі сұрақтар қарастырылады:

 

1. Аумақтық еңбек бөлінісі және ғаламдану

2. Қаланың орнықты даму мәселелері

3. Тұрақты даму шеңберіндегі «ақылды қалалар» 

 

Конференцияға қатысушылар:  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының жетекші ғалымдары Нүсіпова Г.Н., Надыров Ш.М., Калиаскарова З.К., Аскарова М.А., Тоқбергенова А.А., Сарсенова И.Б., Богазичи университетінің Қоршаған орта ғылымдары Институтының профессоры Тургут Онай (Түркия, Стамбул қаласы), Канзасс Университетінің профессоры Александр Диенер (АҚШ), РФ бірінші президенті Б.Ельцин атындағы Орал Федеральды университетінің ғалымдары, экономика кафедрасының меңгерушісі Степанов А.В. және Ковалев Ю.Ю. (РФ, Екатеринбург қаласы), АҚБ «Жобалау, экология және гигиена» институтының Бас директоры Ломтев А.Ю., «Градо» ЖШС бас маманы Тукенов  Э.А. және т.б.

 

Біздің мекен-жайымыз: 050040, Алматы қ., әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, 306 аудитория, ректорат, уақыты: 15.00 (Астана уақыты бойынша) 

Басылым күні :  23.04.2015