«Қарттар Үйінде» ұйымдастырылған іс-шарасы

2014 жылдың 22 қараша күні сағат 11:00-де 306 және 307 топ студенттерімен бірге «Айналаңды нұрландыр» бағдарламасы бойынша, Тілендиев 256 көшесінде орналасқан, Қарттар үйінде іс-шара өткізілді

Қарттар үйіне сыйлықтар, сонымен қатар, өз өнерімізді де дайындап бардық. Көздері мұңлы, көңілдерінде қаяу бар қарт жандар аз уақытқа болса да көңілдерін көтеріп қалды. Оларды әңгімеге тартып, артынан оларға дайындаған концерттік бағдарламамызды жүргіздік: домбырамен күй төгіп, ән салып және көңілді бимен жалғастырдық. Араларында баян және домбыра тартатын апа – аталарымыз бізге өз өнерлерін паш етті. Аз болса да оларға қуаныш сыйлағанымызға бір қуанып қалдық. Соңында жетекші ретінде мен қорытынды сөз сөйледім және өзімізбен бірге алып келген сыйлықтарымызды қарттарға тараттық. Ал қарттар өкілі мен басқарушы қызметкері, Салтанат апай өз лебізін білдіріп алғыс айтты. Барлығымыз бірге естелік суретке түсіп, көтеріңкі көңіл-күймен қайттық.

Басылым күні :  20.02.2015