«ЖОО-дағы жас оқытушылардың педагогикалық шеберлігін қалыптастыру» тақырыбында семинар

2016 жыл қаңтар айының 13 күні органикалық заттар, табиғи қосылыстар мен полимерлер химиясы және технологиясы кафедрасының аға оқытушысы, химия және химиялық технология факультетінің әдіскері, х.ғ.к. Р.К. Рахметуллаева кафедра әдіскерлерімен бірлесіп факультеттің жас оқытушылары үшін «ЖОО-дағы жас оқытушылардың педагогикалық шеберлігін қалыптастыру» тақырыбында семинар өткізеді.

 Өткізу орны мен уақыты: химия және химиялық технология факультеті, 415 аудитория, сағат 12-00-де

 Ұйымдастырушы: химия және химиялық технология факультетінің әдіскері х.ғ.к. Р.К. Рахметуллаева

Басылым күні :  08.06.2016