М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерларымен кездесу кеші

13 сәуір 2015 жылы, сағат 15-00-де химия және химиялық технология факультетінің 415 аудиториясында органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасы мен «Атамекен» патриоттар клубының ұйымдастыруымен М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерларымен кездесу кешін өткізді. Кездесу кешіне М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының және соңғы кезде көрермен көзайымына айналған Қазақстан республикасының қазақ тіліндегі алғашқы 100 сериалды «Қара шаңырақ» телехикаясының актерлары Саят Меркеұлы және Алмас Шаяхметов факультеттің студенттерімен сыр-сұхбат жүргізіп, студенттер өздерінің толғандырып жүрген сұрақтарына толықтай жауап алды. Кеш өте жоғары деңгейде өтті деуге болады және актерлар өздеріне ұнаған екі сұрағына сыйлық табыстады, яғни олар театрға билет және театрдың Қазақ хандығының 550 жылдығына арнап шығарылған кітап 3 курс студенттері Апрельбекқызы Раушан мен Ермекова Мирданаға табысталды. Сонымен қатар актерлар «Атамекен» патриоттар клубына мүше ретінде қабылданды.

Басылым күні :  11.05.2015