2022 жылғы «Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығы, ғылым саласындағы сыйлықтар және мемлекеттік ғылыми стипендиялар жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі

2022 жылғы «Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығы, ғылым саласындағы сыйлықтар және мемлекеттік ғылыми стипендиялар жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі ағымдағы жылдың 3 ақпанында Алматы қаласы, «Ғылым ордасы» РМК ғимаратында өтті. ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек сыйлықтар мен стипендиялар лауреаттарына дипломдар, төсбелгілер мен сертификаттар табыс етті. Оның ішінде PhD, кафедра доценті Сейтимова Гульназ Абсаттарқызы дарынды жас ғалымдарына арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері атанды. Құттықтаймыз және одан әрі шығармашылық табыс тілейміз!

 

 

 


Басылым күні :  27.03.2023