«Мәнсап менеджменті: кәсіби даму жоспарын қалай құрамын?» тақырыбында Ескендір Бестайдың тренингі

«Тұрақты даму жоспары мақсатындағы – Сапалы білім №4»  жобасы аясында 31.01.2023ж химия және химиялық технология факультетіндегі Е.Ергожин атындағы ғылыми мәжіліс залында  х.ғ.к., доцент Үркімбаева Перизат Ибрагимқызының ұйымдастыруымен Ескендір Бестайдың "Мансап менеджменті: кәсіби даму жоспарын қалай құрамын?" тақырыбында керемет дәріс өтті. Педагог-тренер Ескендір Бестай өз тәжірибесімен, ақыл-кеңесімен бөлісіп, студенттер кеудесіндегі жалын мен арынды оятты. Бұл келелі іс-шараға химия және химиялық технология, биология және биотехнология, география және табиғатты пайдалану факультеттердің 2,3-курс студенттері, оқытушылар келіп, бизнес бағытында ол кісіден  тағылымы мол тәлім алды. Осындай жастардың рухын түлетер дәрістер еліміздің әр бөлігінде болып тұрса, еліміз тоқырауға ұшырамай, тоқтамай ілгері жылжи беретін еді. Бүгінгі дәрістің қызықтылығы өз алдына бір бөлек!

 

 

 

Басылым күні :  27.03.2023