"Университет ғылымының дамуы Қазақстанның инновациялық дамуының қажетті алғышарты" атты ғылыми-праткикалық конференциясы

2023 жылғы 20-21 қаңтарда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде "Университет ғылымының дамуы Қазақстанның инновациялық дамуының қажетті алғышарты" атты ғылыми-праткикалық конференция өтті.

Осы конференция аясында университетіміздің ғылыми және инновациялық жобаларының көрмесі өткізілді.

Органикалық заттардың, табиғи қосылыстар мен полимерлердің химиясы және технологиясы кафедрасынан 3 жоба қатысты: "Арнайы мақсаттағы полиэфирлі шайырлардың тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірісін құру (жоба жетекшісі - х. ғ. к., қауымдастырылған профессор Ирмухаметова Ғалия Серікбайқызы);" Жетілдірілген сипаттамалары бар ерімейтін акрилатты бояулардың тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірісі " (жоба жетекшісі – PhD, аға оқытушы Агибаева Лаура Эрлановна) және "Қазақстанның табиғи шикізаты негізінде дәрілік заттар өндірісі" (жоба жетекшісі – PhD, профессор Жеңіс Жанар).

 

Басылым күні :  27.03.2023