Ситки Кочман атындағы Мугла университетінің (Түркия) PhD, профессоры Мехмет Озтюрктің тренингі

2022 жылғы 6 желтоқсанда тұрақты даму мақсаттарын іске асыру барысында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультетінің Е.Е. Ерғожин атындағы Ғылыми кеңестің мәжіліс залында Сыткы Кочман атындағы Мугла университетінің (Мугла қ., Түркия) профессоры Мехмет Өзтүрктің студенттерге, докторанттарға, кафедраның магистранттары мен ПОҚ арналған "How to write a research project proposal TÜBITAK 2221 - Fellowships for Visiting Scientists and Scientists on Sabbatical Leave Support Program" оқыту тренингі өтті. Тренинг барысында тыңдаушылар түрік университеттеріндегі білім туралы және Түркияның қазіргі заманғы зертханаларында өздерінің ғылыми зерттеулерін жүргізуге гранттар алу мүмкіндіктері туралы ақпарат алды. Кездесу нәтижесінде тыңдаушылар шетелдік ғалымдармен бірлесіп жүргізілетін ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру және жетілдіру мүмкіндіктері туралы білді.

 

Басылым күні :  25.01.2023