Б.Н. Ельцин ат. Орал Федералды Университеті, ФМП ҒЗИ Жаратылыстану ғылымдары және математика институтының Нанокластерлік Полиоксометаллаттардың функционалдық дизайны зертханасының меңгерушісі, х.ғ.к. К.В. Гржегоржевскиймен кездесу

2022 жылғы 3 қарашасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультетінің Е.Е. Ерғожин ат. Ғылыми кеңестің мәжіліс залында тұрақты даму мақсаттарын іске асыру шеңберінде Б.Н. Ельцин ат. Орал Федералды Университеті, ФМП ҒЗИ Жаратылыстану ғылымдары және математика институтының Нанокластерлік Полиоксометаллаттардың функционалдық дизайны зертханасының меңгерушісі, х.ғ.к. К.В. Гржегоржевскийдің студенттермен, докторанттармен, магистранттармен және факультет оқытушыларымен кездесуі өтті. Кездесу барысында ғалым "Нанокластерлік полиоксометаллаттар мен олардың негізіндегі супрамолекулалық құрылымдардың Функционализациясы" атты өте қызықты дәріс оқыды, онда супрамолекулалық химия және олардың қолданбалы аспектілері саласындағы соңғы зерттеулер ұсынылды. Кездесу нәтижесінде студенттер мен оқытушылар заманауи зерттеулер саласындағы көкжиектерін кеңейтті, нанохимия мен нанотехнологияның өзекті мәселелері мен міндеттері туралы білді.

 

Басылым күні :  18.11.2022