Коронавирусты инфекция, алдын алу шаралары

2021 ж. 6 мамырында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультетінің оқытушылары, магистрантары мен студенттеріне «Коронавирусты инфекция, алдын алу шаралары» тақырыбында тәрбие іс-шарасын онлайн форматта өтті. Кешке әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың экономика және бизнес, биология және биотехнология факультеттерінің оқытушылары мен студенттері қатысты. Іс-шараны өткізуге С. Асфендияров ат. Қазақ Ұлттық медициналық университетінің балалар жұқпалы аурулары кафедрасының доценті, м.ғ.к. Өмешева Күміскүл Әбділләқызына және Жалпы медицина факультетінің Жалпы тәжірибелік дәрігер бағытындағы 6 курс интерндеріні шақырылды. Кешке шақырылған дәрігерлер «Коронавирусты инфекция, алдын алу шаралары» бойынша жан-жақты, слайдпен көркемдеп, дәріс оқып берді. Тыңдаушылар өздерін мазалаған сұрақтарды қойды.

Факультет ұжымы атынан жазбаша алғыс білдірді.

Ссылка: https://youtu.be/VEcdLmiv7ow

Басылым күні :  25.05.2021