ПЕДАГОГТАРҒА АРНАЛҒАН ТЕЛЕГРАМ: ОҚЫТУ ПРОЦЕСІН ҚАЛАЙ ЫҢҒАЙЛЫ ЖӘНЕ ҚЫЗЫҚТЫ ЕТУ КЕРЕК

ПЕДАГОГТАРҒА АРНАЛҒАН ТЕЛЕГРАМ: ОҚЫТУ ПРОЦЕСІН ҚАЛАЙ ЫҢҒАЙЛЫ ЖӘНЕ ҚЫЗЫҚТЫ ЕТУ КЕРЕК

 

14 сәуірде «Telegram-педагогика қазақстандық білім берудің цифрлық дамуындағы инновация ретінде» тақырыбында онлайн-воркшоп өткізілді. Воркшоп спикері Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың, филология факультетінің, жалпы тіл білімі және еуропа тілдер кафедрасының докторанты, аталған бағыттың авторы және оқытушылар құрамына арналған арнайы оқу курсының дамытушысы Санатбек Сейдеханов болды.

Воркшоп барысында қатысушылар Telegram мессенджерін қолдана отырып, оқытудың жаңа жүйелік тәсілін сонымен қатар, осы жүйенің құралдары туралы шынайы кейстер мысалдарына негізделе отырып меңгерді. Воркшоп материалы іс-әрекеттің қадамдық алгоритмі форматында ұсынылды, нәтижесінде оқытушы өзінің телеграм-жобасын құрып, іске қосып, онымен жұмыс істей алады. Осы бағдарлама аясында телеграм-педагогиканы қосымша оқыту әдістемесі ретінде енгізуді жеңілдету мақсатында, профессорлық-оқытушылық құрамға арналған тренингтерді тұрақты түрде өткізу жоспарланып отыр.

Басылым күні :  20.04.2021