"Time to sing" club

Клуб мүшелерінің алтыншы кездесуі 2021 жылдың 16 сәуірінде жасалған жоспарға сәйкес өтті. Кездесудің тақырыбы - «Наурыз». Кездесуге шығыстану факультетінің аударма ісі мамандығының 1 курс студенттері қатысты.

Бұл жолы Рақымқұл Ақнұрдың шәкірті Наурыз мейрамының шығу тарихы мен қызықты фактілері туралы ағылшын тілінде презентация дайындады. Көпбай Елдана Наурыздың тарихы мен дәстүрлері туралы Викторина өткізді. Сонымен қатар, Мерей Бостан мен Карина Сейдахмет Наурызға арналған өлеңдерді қазақ тілінде оқыды және олар ағылшын тіліне сәтті аударылды. Сонымен бірге студенттер ағылшын тілін меңгерудің жоғары деңгейін көрсетті. Кездесу соңында Балнұр Айжарық пен Аружан Жайбосынова өздерінің сүйікті әндерін қазақ тілінде шырқады.

Кездесу қызықты әрі мазмұнды болды.

Клуб жетекшісі, шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы Е. Н. Михальченко

Басылым күні :  20.04.2021