«Sovereignty is the pride of the country»

Телекөпір тақырыбы: «Sovereignty is the pride of the country»

 

         2021 жылдың сәуір айының 13-де сағат 17.00-18.15 аралығында филология және әлем тілдері факультеті, шетел тілі кафедрасының аға оқытушысы Мусанова Гулназ Айдарқызының ұйымдастыруымен 1 курс студенттері және Шымкент қаласы, Саттар Ерубаев атындағы №24 IT мектеп-лицейінің 10, 11 сынып оқушылары арасында Қазақстан Республикасының 30-жылдығына арналған теле-көпір форматындағы онлайн іс-шара өткізілді. Іс-шараға жоғарыда аталған мектеп-лицей директорының бейін ісі жөніндегі орынбасары Мураталиева Жанар Амановна, 10Б - сынып жетекшісі, ағылшын тілі мұғалімі Бопбекова Меруерт, 11Ә-сынып жетекшісі Есалиева Гаухар Сабитқызы да қатысты.          

         Бұл онлайн-кездесудің негізгі мақсаты – студенттер мен оқушылардың мемлекеттің тұтастығын сақтауда, патриоттық сезімнің болуын, Отанға деген сүйіспеншілік, өз еліне деген мақтаныш сезімін оята білу маңызды болып табылатын Тәуелсіздіктің 30-жылдығында жүзеге асырылған ауқымды іс-шаралармен таныстыру болды.

       Іс-шара аға оқытушы Мусанова Гулназ Айдарқызының және жүргізушілер Алжанова Мерей мен Әдилхан Мухамедалидің құттықтау сөздерімен басталып, студент Байтуғанова Аяжан дайындап келген Тәуелсіздіктің 30-жылдығына арнайы жасалған бейне-роликті көрсетумен ашылды. Студенттер Ақымет Дана, Алдабергенұлы Дастан, Бакулова Бақытгул, Ерланқызы Арайлым, Кенесов Диас іс-шара тақырыбы бойынша презентация дайындады. Студенттер Асқарбек Қарлығаш, Базарали Ажар, Тұрсынәлі Сымбат, Ерланқызы Арайлым ағылшын тілінде өлендер оқыды. Іс-шара барысында студенттер онлайн телекөпірге қатысушы оқушыларға Тәуелсіздік тақырыбы бойынша викториналық сұрақтар қойып, сөзжұмбақ жасырды. Мақал-мәтелдер бойынша білімдерін тексерді. Оқушылар арасынан Өтеуова Арайлым; Еркін Диана, Төленбек Нұртілеу белсенділік танытты.    

     Студенттер мен оқушылар іс-шараға жақсы көңіл-күймен қатысты. Іс-шара барысында ынтымақтастық, өзара көмек атмосферасы қалыптасып, студенттер мен оқушылар өз ойларын ашық және еркін білдіре алды. Бұл тәрбиелік іс-шараның танымдық, тәрбиелік және дамытушылық мәні зор деп санаймыз. Онлайн телекөпір соңында Саттар Ерубаев атындағы №24 IT мектеп-лицей директорының бейін ісі жөніндегі орынбасары Мураталиева Жанар Амановна және 10Б - сынып жетекшісі, ағылшын тілі мұғалімі Бопбекова Меруерт сөз алып, өткізілген тәрбиелік маңызы зор іс-шараны ұйымдастырған аға оқытушы Мусанова Г.А. мен 1-курс студенттеріне өз алғыстарын білдірді. Өз кезегінде онлайн-кезесуді ұйымдастырған аға оқытушы Мусанова Гулназ Айдарқызы мен студенттер де іс-шараға белсенді қатысқан оқушылар мен олардың жетекшілеріне өз алғыстарын білдірді.

 

 

Басылым күні :  14.04.2021