«Наурыз мейрамы»

ҚазҰУ-нің шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы Н.Б.Момбекова 16.03.2021 жылы Zoom платформасында «Мейрамхана бизнесі және ресторан ісі» мамандығының 1 курс студенттерімен Наурыз мейрамына байланысты тәрбиелік іс-шара өткізді. Бұл іс-шараның мақсаты – студенттерге Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.Сабақ барысында мейрамға байланысты презентация  көрсетіліп, қазақ халқының салт-дәстүрлеріне байланысты түрлі сұрақтар қойды. Сабақ қызықты өтті.

Басылым күні :  13.04.2021