“Наурыз мейрамы”

ҚазҰУ-дың шетел тілдері кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Ұ.Б. Адилбаева және аға оқытушы Г. А Гайипова 2021 жылдың 26 наурызында “Наурыз мейрамы” атты тәрбиелік іс-шара өткізді. Іс-шараға Ақпараттық технологиялар факультетінің 1 курс студенттері және университетімізде оқып жатқан Ауғаныстандық студенттер қатысты. 1 курс студенттері Хабибуллаева Аружан (Қазақстан) және Есматуллах Давлат Шахи (Кабул) ZOOM платформасы арқылы Казахстан және Ауғаныстан елдерінде Наурыз мейрамын тойлау туралы презентациялар көрсетіп, жалпы қатысушы студенттер екі елдегі мерекенің ерекшеліктерімен ұқсастықтары туралы ой бөлісті.

Басылым күні :  13.04.2021