“Movie Fans”

2021 жылдың 20 наурызында сағат 18.00-де Экономика және бизнес жоғары 
мектебі факультетінің «Экономика» мамандығының 1 курс студенттері және 
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Аударма ісі» мамандығының
 2 курс студенттері «Айя София» тақырыбында онлайн-кездесу өткізді.  
Онлайн-кездесу шетел тілдері кафедрасының аға оқытушылары З.А.Тілеуғабылова,  
Л.М. Махажанова, А.О. Бекалаеваның жетекшіліктерімен және
 М.Х. Дулати атындағы Тараз аймақтық университетінің шетел филологиясы және аударма ісі 
кафедрасының аға оқытушысы А.Б. Есееваның қатысуымен өтті. 
Жүргізушілер Ұлжан Бекмұратова мен Есіркеп Алдияр 
онлайн-кездесуді құттықтау сөздерімен бастап, әлемдегі әйгілі 10 мешітке, 
олардың бірі-Айя София мешітіне қысқаша шолу жасады.
«Экономика» мамандығының студенттері Абибулла Ерден,
 Азиз Ибадулла, Қадырбергенова Жансая, Бисенғалиева Аружан, 
Нұрдәулет Айбол, Дошмахан Гүлжайна, Оразова Дана, Ербосын Зинат,
 Бауыржан Өркен, Болатова Жұлдыз, Сәрсенбай Саят «Айя София» 
мұражайының тарихы туралы презентация дайындады. 
Сонымен қатар бұл мұражай Ыстамбұл қаласының басты рәміздерінің бірі екендігі 
мен біздің эрамыздың 300 жылдары құрылғандығы туралы айтылды. 
Алғашында ол отқа оранып, кейін құрылысы қайта жанданды. 
Қазіргі түрі негізінен 537 жылдары император Юстиниан I-ші заманында
 Анфимий және Исидор атты екі сәулетшінің қолынан шыққан үлгі-нұсқадағы
 қалпын сақтаған. Тарихи жылнамаларда   Византия империясының 
үш жылдық кірісі ғимараттың құрылысына жұмсалған делінген.
 Құрылыс кезінде әлемнің әр түкпірінен әкелінген ең жақсы материалдар қолданылды. 
Ғибадатхананың іші алтын, күміс, піл сүйегі және асыл тастармен безендірілген. 
Ұзақ уақыт бойы ғимарат Византия империясының күшінің белгісі болды. 
1453 жылы Константинополь қаласын түріктер басып алғаннан кейін, 
сұлтан Мехмет II соборды Айя-София мешітіне айналдырады. 
Ғимаратта көптеген христиандардың фрескалары мен мозайкалары 
сақталынған, сонымен қатар собор христиан мен мұсылман дәуірінің
 элементтерін бүгінгі күнге дейін сақтап қалды. Осман империясы кезінде ғимараттың
 айналасына мұнаралар тұрғызылды. 500 жыл бойына Айя-София
 Меккедегі Қағбадан кейінгі екінші орындағы мұсылмандардың басты ғибадатханасы болды. 
1935 жылы қазіргі зайырлы Түркияның негізін қалаушы Кемал Ататүрік арнайы 
жарлықпен мешітті мұражайға айналдырды. Қазіргі уақытта ғимаратта 
Иса Мәсіхтің бейнелері Құранның сөздері жазылған қалқандармен  қатар орналасқан. 
1985 жылы мұражай ғимараты ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілді. 
Кеш соңында жүргізушілер Алдияр мен Ұлжан бағдарламаны қортындылап, 
ағылшын тілінде сұрақтар дайындап, ютубтан «Айя София» фильмін көрсетті. 
Онлайн-кездесудің барлық қатысушылары ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
 
 

 

Басылым күні :  28.03.2021