Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Даланың ұлы ұстазы»

2021 жылдың 12 наурыз күні сағат 17.00-де шетел тілдері кафедрасының аға оқытушылары Тілеуғабылова З.А., Махажанова Л.М., Бекалаева А.О. және М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы А.Б.Есеевамен бірлесіп Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Даланың ұлы ұстазы» атты on-line әдеби кешін өткізді.

Әдеби кештің жүргізушілері Төребеков Әлихан мен Есеналина Көркем жиналғандардың барлығына сәлем жолдай отыра, Ыбырай Алтынсариннің өлеңдерін оқитындармен қатысушыларды таныстырды. Олар ежелгі дәуірдегі адамдардың адам есімінің оның жеке басына және тағдырына әсер етеді деп болжағанын кезектесе айтты. Олар Ыбырай есімінің еврей тілінен шыққанын, бұл Ибраһим пайғамбардың есімдерінің бірі екенін баса айтты. Қазақша бұл «ел ағалары», яғни «көрнекті адамдар, елдің тірегі» дегенді білдіреді.

Студенттер Даланың ұлы ағартушысының танымал өлеңдерін оқыды:

- Сабитова Алуа «Лұқман әкім»,

- Көмек Әйгерім «Өзен»,

- Мубаракова Диляра «Ананың сүюі».

Болатова Анель, Махмут Акзер, Налибаева Анар, Бақытбекқызы Аружан презентация дайындады және ұстаз өмірінен алынған ең қызықты фактілерді айтты, мысалы: 1860 жылы Ыбырай Алтынсарин Орынбор бекінісінде алғашқы бастауыш мектепті ашу туралы тапсырма алды және Торғай қаласында осы жаңа мектепте Алтынсарин орыс тілінің мұғалімі болып тағайындалды. Ол бар жоғы 19 жаста еді!

Есеналина Көркем викторина дайындау арқылы студенттердің білімдерін тиянақтай отырып, әдеби кешті қорытындылады.

 

Басылым күні :  28.03.2021