«Темір ханым»

2021 жылдың 5 наурызында шетел тілдері кафедрасының аға оқытушылары З.А. Тілеуғабылова, Л.М. Махажанова, А.О. Бекалаева және М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы А.Б. Есеевамен бірлесіп ағылшын тілінде студенттерге «Темір ханым» фильмін көрсетіп талқылады. Бұл Ұлыбритания премьер-министрі Маргарет Тэтчердің өмірі жөніндегі өмірбаяндық фильм. Оның саясатқа қызығушылық танытқан сәттен бастап өмірінің соңғы   күнге дейін аралықты қамтиды.

Тэтчердің премьер-министр болып жұмыс жасаған кезінде елдің тағдырын күрт өзгерткен бірнеше оқиғалар орын алды: 1981 жылғы шахтерлердің ереуілінен бастап, Брайтондағы «Гранд» қонақ үйінің жарылыс болып Тэтчер күйеуімен бірге сәл болмағанда қаза таба жаздады. Ол кездерде негізгі бір мәселе - Фолкленд соғысы болды, оны Тэтчер батыл шеше білді, аргентиналық крейсерді батыруға бұйрық беріп, содан кейін Аргентинаның жеңілісті мойындаудан басқа еш амалы қалмады. Сөйтіп, Ұлыбритания бұл шайқастан жеңімпаз болып шықты. Бірнеше жылдан кейін Берлин қабырғасы қирап, КСРО ыдырап кетті. Ұлыбритания вице-премьері Джеффри Хау жұмыстан босатылғаннан кейін Тэтчердің партиядағы беделі азайып, елдің премьер-министрі лауазымына жаңа сайлау басталады. Маргарет Тэтчер өзінің қызметтен өз еркімен кететінін мәлімдеп дұрыс шешім қабылдайды.

 

Басылым күні :  28.03.2021