“English Club of Song Lovers”

 

     2021 жылдың ақпан айының 24-ші жұлдызында, сағат 12.00-13.20 аралығында “English Club of Song Lovers” ағылшын клубының кезекті 6-шы отырысы өтті. Клуб отырысы жоспар бойынша ZOOM платформасында онлайн режимде клуб мүшелерінің қатысуымен өтті. Іс-шараны клуб жетекшілері, шет тілдер кафедрасының аға оқытушылары - Г.А.Оразаева, Г.А.Мусанованың ұйымдастыруымен өткізілді. Іс-шараның тақырыбы: «Танымал Америка хиттері». Клуб қатысушылары заң факультетінде оқитын 1 курс студенттері болды.  

         Клуб жетекшілері іс-шараға қатысушылар мен келген қонақтарға арнап құттықтау сөз сөйледі. Кездесуде клуб отырысы негізінен ағылшын тілінде өтті. Кезекті клуб отырысы аясында, ең алдымен отырысқа қатысушылардың іс-шара тақырыбы бойынша презентациялары көрсетілді. Студенттер клуб отырысында Эльвис Преслидің “Jailhouse Rock” деп аталатын киноға арналып жазылған хит-ән туралы көптеген қызықты мәліметтер берді. Сонымен қатар, студенттер әншінің өмірбаяны мен өнер саласында жеткен жетістіктері туралы да құнды ақпараттар берді.  

         Студенттер клуб отырысында “Jailhouse Rock” киносына арнайы жазылған әнді орындап, мазмұнын талқылады, әнге грамматикалық және лексикалық талдау жасады. Клуб студенттері: Ерқуат Нұрдаулет әннің мазмұны туралы әңгімелеп берді, Қанжигитова Аружан әннің шығу тарихы мен хит болу себебі туралы айтып өтті. Студент Шамшыбек Дінмұхамед Эльвис Преслидің өмір баяны мен өнер саласында жеткен жетістіктері туралы презентация жасады. “American Hit Songs from 2010-2020” тақырыбы бойынша Мақсатбек Арсен баяндама жасады. Ал студент Мухамади Ердаулет осы әннің граммтикасын түсіндірді. Клуб отырысы соңында, клуб мүшелері қызықты грамматикалық жаттығулар жасап, көрермендердің сұрағына жауап берді.  

       Клуб отырысы жоғары әрі қызықты деңгейде өтті. Студенттердің іс-шара тақырыбы бойынша дайындықтары да өте жақсы болды.

 

Басылым күні :  01.03.2021