«Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»

«Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»

       8 ақпан 2021 жылы шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы Махажанова Л.М. «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» тақырыбында іс-шара өткізді. Іс-шараға «Экономика және бизнес жоғары мектебі» факультетінің бірінші курс студенттері қатысты.

       Студенттер онлайн режимінде үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) презентация жасады. Бұл іс-шараның мақсаты - тілді дамытуға шұғыл қажет ғылыми мазмұнды байыту. Екіншіден, гуманитарлық факультеттердің студенттері мазмұны озық заманауи стандарттарға сәйкес келетін сапалы білім алуға мүмкіндік алады. Үшіншіден, ауқымды аударма жобасы қазақ аударма мектебінің жедел дамуына жағдай жасайды. Сондай-ақ, дағдылар жетілдіріліп, білім толықтырылып, ағылшын және басқа да шетел тілдерден қазақ тіліне академиялық аударма жасау дәстүрі жүзеге асырылады.

       Іс-шара соңында осы жобаны жетілдіру және оны дамыту туралы студенттер өз ойларымен бөлісті.

Басылым күні :  23.02.2021