«КИБЕРПЕДАГОГИКА РОБОТТАРҒА ЕМЕС, СІЗГЕ ҚАТЫСТЫ!»

Дәл осы атаумен Бельгияның білім кеңесі ұйымдастырған алғашқы мастер-класс басталды. Біздің университет «Киберпедагог» халықаралық білім беру қозғалысының серіктесіне айналды.Оның мақсаты онлайн-оқыту ортасында жұмыс жасайтын оқытушылардың кәсіби құзыреттіліктерін кеңейту және инновациялық әдістерді қолдана отырып, білім сапасының тиімділігін арттыру болып табылады. Жеті апта ішінде мастер-класстар студенттерді қашықтықтан оқыту форматына тарту мен ынтасын арттыру, студенттермен желілік ортада сенімді қарым-қатынас орнату, тікелей эфирде сабақ беру мәселелерін қарастырады.

           Мастер-класстар интерактивті режимде өткізіледі, мұнда барлық қатысушылар бір-бірімен ашық қарым-қатынас жасайды, пікір алмасады, өзекті мәселелерді талқылайды. Пікірталас барысында қазіргі жағдайда, педагогикалық үдерістің негізгі элементтерін компьютерлендіру, киберпедагогика оның негізгі қозғаушысы болып табылатындығы айтылады.

Бельгия білім беру кеңесінің директоры Аксана Позднякова өз сөзінде кез-келген академиялық пәнді онлайн форматта игеруге барабар know-how-ды қолдану арқылы оқытушыларға осы мастер-класстарда үйренуге кепілдік беруге болатындығын атап өтті.

 

 

 

Г.К.Кулжанбекова

«Шетел тілдері» кафедрасы

 

 

 

 

Басылым күні :  23.02.2021