«Тәуелсіздік – елімнің еркіндігі»

Жыл сайын 16 желтоқсанда Қазақстанның тәуелсіздік күні аталып өтіледі. 2020 жыл 11 желтоқсанында осы мемлекеттік мерекеге орай, ҚазҰУ-дың Шет тілдері кафедрасының доценті, ф.ғ.к Адилбаева У.Б., аға оқытушы Гайипова Г.А «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Тәуелсіздік – елімнің еркіндігі» атты тақырыпта тәрбиелік іс-шара өткізді.

Іс-шараға ақпараттық технологиялар факультетінің 1 курс студенттері қатысты. Студенттер «Тәуелсіздік – елімнің еркіндігі» тақырыбына ағылшын тілінде онлайн презентациялар жасады. Бұл іс-шараның мақсаты - студенттерге еліміздің тәуелсіздігінің құнын түсінуді және оны бағалай білуді насихаттау.

Басылым күні :  13.12.2020