«Ризашылық күні»

2020 жылдың 3 желтоқсанында шетел тілдері кафедрасының доценті Ә.К. Шаяхмет «Айналаңды нұрландыр!» бағдарламасы шеңберінде «Ризашылық күні» атты білім беру-ағарту іс-шарасын өткізді. Іс-шараның өзі ‘BigBlueButton’ ‘Moodle’ платформасында өтті, ал қазіргі заманғы оқыту технологияларын қолдана отырып, ‘Kahoot!’ арқылы “Әлемдегі ризашылық күні” білім беру ойыны ұйымдастырылды. Шығыстану факультетінің екінші курс студенттері - Жанерке Құлахметова, Диана Мақсұтова, Мадина Қайратқызы, Нұрайым Советова, Айнур Болатова, Алтынай Разбек, Нұрбота Есалы, Аида Сурамай, Майя Калмен - ағылшын тілінде сөйлеп, презентация жүргізді. ‘Kahoot!’ жеңімпаздары - Айша Жолдасбек - 1-орын, Айнұр Болатова - 2-орын, Нурайым Советова - 3-орын, сонымен қатар барлық қатысушылар - өздерінің әлем мәдениеттеріне қатысты білімдерін көрсетті. Сонымен қатар, іс-шара бізге оңай емес пандемия кезінде ынтымақтастық және өзара көмек көрсету дағдыларымызды көрсетуге мүмкіндік берді.

Басылым күні :  07.12.2020