«Білім берудегі менеджмент»

Оқытушылардың біліктілігін арттыру жүйесі қоғамдық өмірдің ажырамас саласы ретінде қарқынды дамуды қажет етеді. Бұл кәсіби маңызды ақпараттың үлкен ағынымен және «білімнің өмірлік циклінің» жылдам төмендеуімен байланысты. Осыған байланысты біліктілікті арттыру жүйесі барлық әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық өзгерістердің талаптарына сай болуымен қатар үнемі болашаққа бағдарлануы тиіс. Осыған байланысты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтының жұмысы бүгінгі күннің талаптарына толықтай сәйкес жүргізілуде.

Сонымен, 2020 жылғы 19 қазаннан 31 қазанға дейінгі аралықта ҚазҰУ-дың біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты кафедралардың әкімшілік қызметкерлері үшін 72 академиялық сағат көлемінде «Білім берудегі менеджмент» курсынан өтудің қашықтық формасын ұйымдастырды. Курсқа қатысушылар Zoom платформасын қолдана отырып, онлайн режимде оқытылды. Аталмыш курс тақырыптық жоспар бойынша менеджменттің жалпы мәселелерін, менеджменттің даму тарихын және Университет 4.0 айналу жағдайындағы университеттегі стратегиялық жоспарлаудың маңыздылығын ғана емес, өзге маңызды мәселелер жайында да сөз қозғалды. Бірқатар дәрістер жаһандық пандемия кезінде эмоционалды интеллект және эмоционалды күйзеліске ұшыраудың алдын алу мәселелеріне арналды.

«Білім берудегі менеджмент» курсы тек білім беру сипатында ғана емес, сонымен қатар терапиялық әсерге ие болды, өйткені курс лекторлары кейбір пайдалы психологиялық тәжірибелердің мәнін ашып, психикалық күйді өзін-өзі реттеудің тиімді әдістерімен бөлісті және жалпы оқу барысында өте қолайлы атмосфера орнықты, бұл педагогикалық қызметті және өзін-өзі кәсіби дамытуды ретроспективті талдау дағдыларын дамытуға ықпал етті.

2020 жылдың 3-ші желтоқсанында «Филология және әлем тілдері» факультетінде жоғарыда аталып өткен курсты сәтті аяқтағаны туралы сертификаттарды салтанатты түрде табыстау өтті.

 

Біз ҚазҰУ-ның біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтына ризашылығымызды білдіреміз және жаңа қызықты курстар күтеміз.

 

Басылым күні :  06.12.2020