Тұңғыш Президент күні

Шетел тілдері кафедрасының аға оқытушылары Алиярова Л.М., Махажанова Л.М., Халенова А.Р.  «Экономика және бизнес жоғары мектебі» факультетінің 1 курс «Есеп және аудит» мамандығының студенттерімен 01.12.2020 жылы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың тарихи рөлі» тақырыбына on-line іс-шарасын өткізді. Іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаудан және еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы оның саяси қызметін көрсететін бейнематериалды көруден басталды. Бейнежазбаны тамашалау кезінде студенттер Тұңғыш Президенттің басшылығымен тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері туралы, оның елдің экономикалық жаңғыруындағы рөлі туралы, бейбітшілік пен келісімге қол жеткізудегі халықаралық бастамалары мен Елбасының қызметі туралы білімдерін кеңейтті

Басылым күні :  06.12.2020