Абай Құнанбаев - 175

Абай Құнанбаев - 175

2020 жылдың 30 қараша күні қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «English time» клубының отырысы өтті. Шет тілдер кафедрасының аға оқытушылары Акылова Г.С. және Дүйсенбаева Ш.С. ұйымдастырған іс-шара ZOOM платформасында «Айналанды нұрландыр» жобасы аясында өтті.

Кездесуге ақпараттық технологиялар факультетінің 1 курс студенттері қатысты. Студенттер ағылшын тілінде Абай Құнанбаевтың өмірбаяны мен шығармашылығы туралы баяндама жасады. Сондай-ақ, студенттер өлеңдер мен тәрбие сөздерін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқыды.

Абай мұрасын тану және насихаттау - аға буыннан қазіргі жастарға мұра етіп қалдырған ұлы мұра жас ұрпақ үшін маңызды міндет болып табылады.

Басылым күні :  06.12.2020