Салауатты өмір салты

Салауатты өмір салты

2020 жылдың 23 қараша күні «Салауатты өмір салты» тақырыбында «English time» клубының отырысы өтті, оны шет тілдер кафедрасының аға оқытушылары Акылова Г.С. және Дүйсенбаева Ш.С. ұйымдастырды.

Кездесуге ақпараттық технологиялар факультетінің 1 курс студенттері қатысты. Студенттер дұрыс тамақтану, дене шынықтыру, дұрыс ұйқы, жеке гигиена, зиянды әдеттер, эмоциялар және қоғамдық белсенділік туралы презентациямен баяндама жасады.

Сонымен қатар студенттер қазіргі кезде жеке гигиенаның артықшылықтары туралы бейнеролик көрсетті. Оқытушы студенттерге сауалнама ұсынды, оның нәтижелері бойынша студенттер болжамды өмір сүру ұзақтығын есептеді.

Қорытындылай келе, студенттер салауатты өмір салтын ұстануға арналған он кеңесті атап өтті.

Басылым күні :  06.12.2020