әл-Фараби - Шығыстың ұлы ғалымы

әл-Фараби - Шығыстың ұлы ғалымы

2020 жылдың 26 қазан күні әлемге әйгілі ойшыл, философ, әлеуметтанушы, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логик, музыкант Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толуына орай «English time» клуб отырысы өтті. «әл-Фараби - ұлы ойшыл» тақырыбында іс-шара Шет тілдер кафедрасының аға оқытушылары Акылова Г.С. мен Дүйсенбаева Ш.С. ұйымдастыруымен өтті. Кездесуге ақпараттық технологиялар факультетінің 1 курс студенттері қатысты. Студенттер Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы, Еуропалық ренессансқа әсері, астрономия, музыка, этика, география, тарих, өнер, психология саласындағы қызығушылықтары туралы баяндама мен презентация жасады.

Студенттерге оқуға және талқылауға әл-Фарабидың «Қайырымды қала» мәтіні ұсынылды. Қорытындысында қатысушыларға «әл-Фараби - өркениет философы» бейнефильмі көрсетілді.

Басылым күні :  06.12.2020