«Қазақ ұлтының Көшбасшысы»

Шет тілдер кафедрасы тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес 2020 жылдың 26 ​​қарашасында Zoom онлайн платформасында сағат 13.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Қазақ ұлтының Көшбасшысы» тақырыбында ағылшын тіліндегі іс-шара өткізілді. Іс-шараның мазмұны – бұл студенттерге Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың, тәуелсіз, гүлденген, демократиялық мемлекет дамытудағы Көшбасшының рөлін ашып көрсету болды. Тәрбиелік іс-шараны шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы Мусанова Г.А ұйымдастырды. Тәрбиелік іс-шараға «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша оқитын 1-курс, 107 қазақ тобы студенттері қатысты.

         Бұл тәрбиелік іс-шараның мақсаты - студенттерді мемлекеттің тұтастығын, патриоттық сезімнің болуын, Отанға деген сүйіспеншілік, өз еліне және өз Президентіне мақтаныш сезімін оята білу маңызды болып табылатын Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірімен таныстыру болды.

       Студенттер тәрбиелік іс-шараға жақсы көңіл-күймен қатысты. «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша оқитын 107- қазақ тобы студенттері Ерқуат Нұрдәулет, Мақсатбек Арсен тақырыпқа сәйкес презентация дайындады, басқа топ студенттері Қазақстан және Тұңғыш Президент туралы сұрақтарға жауап берді. 107-топ студенті Шамшыбек Дінмұхаммед өз елінің тарихын сипаттау барысында «Ұлт Көшбасшысы» туралы айтты. 107-топтың тағы бір студенті Қанжігітова Аружан «Президент» тақырыбында сөзжұмбақ жасады, ал қалған топ студенттері сөзжұмбақтың жауаптарын тауып, қосымша сұрақтарға жауап берді. Тәрбиелік іс-шараның соңында студенттер: «Президент болу үшін, өз елінің лайықты азаматы болу керек» деген қорытынды жасады.

       Іс-шара барысында ынтымақтастық, өзара көмек атмосферасы қалыптасып, студенттер өз ойлары мен болжамдарын еркін білдіре алды. Бұл тәрбиелік іс-шараның танымдық, тәрбиелік және дамытушылық мәні зор деп санаймын, іс-шараның мақсаты орындалды. Студенттер өз Отанына деген патриоттық сезімді жоғарылатуға, өз елдеріндегі оқиғаларды бақылап отыруға тырысатын болады.

Мусановa Г.А.

Басылым күні :  06.12.2020