«Тәуелсіздік күні»

Бүгін, 04.12.2020 ,біз  еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған, сол жолда  ғасырлар бойы  найзаның ұшымен, ерлеріміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіз, егемендік күні мерекесіне арналған Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «география және табиғатты пайдалану» факультетінің, «рекреация және туризм» кафедрасының 1 курс студенттерімен және шетел тілдер кафедрасының оқытушы Хасанова С.А.бірге «Тәуелсіздік күні» атты іс-шарасын өткіздік. Бүгінгі болған іс-шарадан студенттер Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресімен, қол жеткен жетістіктерімен танысты. Қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей, қастерлей білуге үйренді.

Басылым күні :  06.12.2020