«Ұлт көшбасшысы»

Филология және әлем тілдері факультеті «Шетел тілдері кафедрасының»  аға оқытушысы Н.Б.Момбекова 30.11.2020 жылы «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» мамандығының 1 курс студенттерімен 1 желтоқсан – Президент күніне арналған «Ұлт көшбасшысы» атты тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының  мақсаты-жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, қайталанбас тұлға екенін таныту. Халқымызды әлемге танытқан, Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу. Тәрбие сағаты барысында топ студенттері Н.Назарбаевтың өмір жолы, отбасы, жұмыс жолы және қол жеткізген  жетістіктері туралы баяндады. Сонымен қатар тәрбиелік іс-шаралар барысында  деректі фильмдер көрсетілді, тәуелсіздік тарихы  егемен елдің жетістіктері туралы әр түрлі ақпарат берілді.

Басылым күні :  06.12.2020