Қарапайым металлургтен әлем таныған лидерге дейін

Қарапайым металлургтен әлем таныған лидерге дейін

 

1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне орай шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы Атабаева Г.К., тарихи-археологиялық және этнологиялық факультеттердің «7М01601 - Тарих» мамандығының 1 курс магистранттарымен тәрбие сағатын өткізді. Іс-шара барысында магистранттар Елбасының өмірінен баяндамалар жасады, бұл үшін арнайы дайындалған бейнероликтерді көрсетті. Сонымен қатар олар Елбасының бастамасымен жүзеге асырылған ең жақсы жобалар туралы ақпарат берді, презентацияны қорғады. Нұрсұлтан Әбішұлының ел дамуындағы сіңірген еңбектері талданды, іс-шараның қорытындысы мерекенің маңыздылығын анықтаумен қорытындыланды.

Басылым күні :  06.12.2020