Тұңғыш Президент күні

Жыл сайын 1 желтоқсанда Қазақстан Тұңғыш Президент күнін атап өтеді. 2020 жылдың 30 қарашасында осы мемлекеттік мерекеге орай, ҚазҰУ-дың Шет тілдері кафедрасының доценті Адилбаева У.Б. «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында тәрбиелік іс-шара өткізді.

Іс-шараға ақпараттық технологиялар факультетінің 1 курс студенттері қатысты. Студенттер Тұңғыш Президент күніне орай ағылшын тілінде онлайн презентация жасады. Бұл іс-шараның мақсаты - студенттерге Елбасы Қазақстанның тұңғыш президенті Н.А.Назарбаев туралы ағылшын тілінде презентация жасауға мүмкіндік беру. Студенттер Елбасының өмірі, еңбек жолы, Қазақстанның дамуына қосқан үлесі туралы материалдарды ұсынып Елбасының жан-жақты тұлғасын көрсетті 

 



Басылым күні :  06.12.2020