Мұғалімдер күні мерекесі

2020 жылдың 2 қазанында Мұғалімдер күні мерекесіне орай «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында ҚазҰУ-дың шетел тілдері кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Ұ.Б. Адилбаева тәрбиелік іс-шара өткізді.

Іс-шараға ақпараттық технологиялар факультетінің 1 курс студенттері қатысты. Студенттер онлайн режимде ағылшын тілінде барлық ҚазҰУ оқытушыларын құттықтады. Бұл іс-шараның мақсаты - студенттерге оқытушыларды құттықтауларын ағылшын тілінде жеткізуге мүмкіндік беру, COVID 19 пандемиясының қиын кезеңінде ҚазҰУ оқытушыларына қолдау көрсету, олардың жұмысын бағалау және оларға өз ризашылықтарын білдіру.

 

https://youtu.be/36KLu60hE1o

Басылым күні :  06.12.2020