“English Club of Song Lovers”

Клуб отырысы №2

           2020 жылдың 21 қазанында ZOOM онлайн-платформасында ағылшын әнін тыңдауы ұнататын клуб мүшелерінің кезекті отырысы өтті. Іс-шараны клуб жетекшілері, шет тілдер кафедрасының аға оқытушылары - Г.А.Мусанова, Г.А.Оразаева ұйымдастырды. Іс-шараның тақырыбы: «Заманауи ағылшын музыкасы». Клубтың қатысушылары заң факультетінің «Құқықтану» және «Құқық қорғау қызметі» мамандықтарында оқитын 1 курс студенттері (101, 102, 103, 104, 107 топтар) болды.

             Клуб жетекшісі Г.А.Мусанова іс-шараға қатысушылар мен келген қонақтарға арнап құттықтау сөз сөйледі. Ол Клубтың жаңа мүшелерімен және іс-шараға келген қонақты таныстырды. Кездесуде клуб мүшелері негізінен ағылшын тілінде сөйлесті.

Клуб отырысы аясында қатысушылардың іс-шара тақырыбы бойынша презентациялары көрсетілді, олар Алек Бенджаминнің «Let me down slowly» әнін ағылшын тілінде орындады. Оқушылар автордың өмірбаяны туралы әңгімелеп, әннің мазмұнын талқылады, әннің мәтініне грамматикалық және лексикалық талдау жасады. Бұл іс-шараға сонымен қатар Тараз қаласынан оқытушы, ағылшын тілі мұғалімі, интернеттегі шетел тілін оқыту бойынша танымал блогер Айсұлу Ғалымжанқызы Исмаилова қатысты. Ол өз сөзінде студенттерге шетел тілін оқыту және үйрену тәжірибесімен бөлісті. Студенттер қонаққа әр түрлі сұрақтарын қойды:

1) What is the easiest way of learning English? ( Жунусхан Серік 101 топ стуенті)

2) What kind of songs of Eminem do you like? (Қиянбекұлы Диас 102 топ студенті)

3) What kind of films do you recommend to watch for the lower level students? (Қайратқызы Айман 104 топ студенті)

4) What kind of other foreign languages do you speak? (Салаватұлы Дамир 103 топ студенті)

           Іс-шараға қатысқан қонақ Исмаилова Айсұлу Ғалымжанқызы студенттердің көптеген сұрақтарына ағылшын тілінде жауап берді. Студенттер Клубтың екінші отырысына жақсы, жоғары деңгейдегі көңіл-күймен қатысты, соңында олар ағылшын тілінде «Let me down slowly» әнін шырқады. Кеш жылы шырайлы жағдайда өтті. Іс-шараға 20 студент қатысты. Ағылшын әнін сүйетіндер клубы сөйлеу әрекетін дамытуға тырысатын және ағылшын тілінің грамматикасы мен сөздік қоры туралы білімдерін жетілдіргісі келетін студенттерді біріктіреді. Іс-шараға қатысушылар мен көрермендер жоғары белсенділік деңгейін және тақырып бойынша ағылшын тілін жақсы деңгейде білетіндіктерін көрсетті. Ағылшын әндерін сүйетіндер клубының жетекшілері іс-шараға қатысқан студенттердің жақсы жұмысын атап өтті: мінсіз орындалған презентациялар, оның дизайны, іс-шараны техникамен қамту. Іс-шараның соңында Клуб жетекшілері мен әс-шараға қатысқан қонақ Исмаилова Айсулу Ғалымжанқызы студенттерге белсенділік танытып, өз білімдерін көрсеткендері үшін алғыстарын білдірді.

Басылым күні :  26.10.2020