QS WORLD WIDE 2019

2019 жылдың 19-20 қыркүйегінде әл-Фараби университетінде QS WORLD WIDE 2019 әлемдік маңызы бар оқиға өтті. QS World Wide халықаралық білім форумы өз тарихында алғаш рет Орталық Азияда өтті. Біздің университет осы айтулы шараны өткізіп жатқанына өте қуаныштымыз.  Бұл форум қазақстандық жоғары білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және білім беру қызметінің экспортын кеңейтуге ықпал етеді деп күтілуде. Бұл 50 елдің делегаттары қатысқан университеттердің жаһандық саммиті болды. «Халықаралық QS WorldWide білім форумының алғаш рет Орта Азияда, оның ішінде біздің күн сәулелі қаламызда өтуінің символикалық мәні бар. Өйткені дәл осы қалада еліміздің жоғары мектебі құрылды және ойдағыдай даму үстінде. Еліміздің әрбір үшінші студенті Алматыда білім алуда. Қазақстандық жоғары оқу орындары осыдан 15 жыл бұрын QS World University Rankings–те өздерін көрсете білді. Ол кезде Қазақстан атынан бір ғана университет қатысқан еді. Содан кейінгі жылдары біз уақытты текке өткізбедік, қысқа кезең ішінде біздің университеттер алға суырылып шықты. 2019 жылдың өзінде біздің 10 жоғарғы оқу орындарымыз рейтингке енді, олардың 6-ы Алматыда жұмыс жасайды», - деді конференцияның ресми бөлімінде Алматы әкімі Б. Сағынтаев.

Басылым күні :  08.10.2019